Қызылорда облысында шенеунік қамауда отырғанын жасыру үшін жалған құжат сатып алған

19.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қызылорда облысында жалған еңбекке жарамсыздық парағын қолдану дерегі бойынша санитариялық қызметкер мен дәрігерге қатысты сот үкімі шықты. Бұл заңбұзушылық прокуратура жүргізген тексеру барысында анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz

Фото: Ашық дереккөз

Облыс прокуратурасы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметін зерделеу кезінде лауазымды тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкереледі. Нақтырақ айтқанда, Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы әкімшілік құқық бұзушылық үшін 15 тәулікке қамауға алынған.

Алайда мемлекеттік қызметші жұмыста болмаған уақытын жасырып, оны заңдастыру мақсатында басшылыққа жалған уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұсынған. Тергеу барысында аталған құжаттың жалған екені анықталып, оны Сырдария аудандық ауруханасының дәрігері қолдан жасап бергені белгілі болды.

Прокурорлық тексеру материалдары негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа жолданған.

Ақтөбеде прокурор ұсталды: Шенеунік 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Сот үкімімен аудандық аурухана дәрігері Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Ал бөлім басшысы көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Депутат экс-шенеуніктердің Дубайдағы мүлкіне құқықтық баға беруді талап етті

Соңғы жаңалықтар

Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды

Оқиға • Бүгін, 11:33

Таяу Шығыстан азаматтарды елге қайтару үшін қанша қаражат жұмсалды?

Оқиға • Бүгін, 11:25

Қызылорда облысында шенеунік қамауда отырғанын жасыру үшін жалған құжат сатып алған

Қоғам • Бүгін, 11:17

Жүргізуші куәлігін заңсыз алу: Еліміздің бірнеше өңірінде 60-тан астам жемқорлық фактісі әшкере болды

Қоғам • Бүгін, 11:12

Қазақстан жаһандық экономикалық рейтингте 36-орынға тұрақтады

Экономика • Бүгін, 11:01

Әлем экономикасы 219 трлн доллардан асты: Азия көш бастап тұр

Экономика • Бүгін, 10:48

Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

Оқиға • Бүгін, 10:39

Жаңару күні: Бүгін Астанада қандай іс-шаралар өтеді?

Наурызнама • Бүгін, 10:27

Наурызнама: Бүгін – Жаңару күні

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 112 доллардан асты

Әлем • Бүгін, 10:02

Трамп: Иран Қатарға соққы жасаса, Оңтүстік Парс жойылады

Саясат • Бүгін, 09:58

19 наурызда ел аумағында күн ашық болады

Ауа райы • Бүгін, 09:33

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Қоғам • Бүгін, 09:15

Инвесторды сергелдеңге түсірген кім?

Мәселе • Бүгін, 09:00

Мемлекетшіл жұмыс жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:55

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью