Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Сала министрлігінің мәліметінше «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының мамандары су деңгейін өлшейтін 12 гидрокөпір орнатты, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Нақты айтқанда, көпірлердің 11-і Шиелі ауданында, біреуі Қазалы ауданында орналасқан.
Сонымен қатар Қазалы ауданында Р-1 және «Приарал» каналдарында механикалық тазалау жұмыстары басталып, бүгінде 3,5 шақырымы тазартылған. Жоспар бойынша жалпы ұзындығы 9,9 шақырым учаске тазартылады.