Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

30.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 30 мамыр - Sputnik. Қызылорда облысында 2026 жылдың алғашқы үшемi дүниеге келді.

Облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келген сәбилердi облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандары арнайы құттықтап барды.

© Photo : Денсаулық сақтау министрлігіҚызылорда облысында үшем дүниеге келді

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

© Photo : Денсаулық сақтау министрлігі

Жүктіліктің 32 аптасында өмiрге келген сәбилерге Хадия, Дария және Жәния есімдері берілді.

1210, 1470 және 980 грамм болып туылған шақалақтар екі ай бойы ана мен бала орталығының жоғары тәуелділіктегі нәрестелерге арналған арнайы күтім бөлімшесінде ем қабылдап, дәрігерлердің үздіксіз бақылауында болды.

"Мамандардың білікті көмегі мен заманауи медициналық күтімiнің нәтижесінде сәбилердің жағдайы тұрақталып, салмақтары айтарлықтай артты. Яғни 2390, 3390 және 2060 граммға жеттi", - деп жазды министрлік.

Сырдария ауданына қарасты Басарық ауылының тұрғындары бұған дейін де екі бала тәрбиелеп отырған отбасы.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью