Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жастағы бала әлі табылмады

07.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жастағы балақай әлі табылмады.

Іздестіру жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр.

Полиция мәліметінше, 6 жастағы Медина 5 маусым күні кешкі уақытта үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған.

Іздеу жұмыстары арнайы із кесуші иттердің, дрондардың және сүңгуірлердің көмегімен жүріп жатыр.

Оқиға облыстық полиция департаменті бастығының жеке бақылауында.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью