Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйледі.
Бұл туралы Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Президенттің айтуынша, Қызылорда өңірі қарыштап дамып келеді.
«Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр. Былтыр аймақтың ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға өсті.
Үш жылда облысқа 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылды. Былтыр 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.
Соның ішінде жаңа жылу электр орталығы іске қосылғанын ерекше атап өткен жөн.
Стратегиялық маңызы бар бұл нысан толығымен инвестордың қаржысына салынды.
Жылу орталығы аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайта түседі. Облыс тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.