Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Тәртіп сақшылары азаматтардың жеке мүлкін қараусыз қалдыруы ұрлыққа жол ашатынын айтып отыр.
— Велосипедтер мен балалар арбаларын құлыптамай, көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберісі, ауласы немесе сауда орындарының алдында қалдырады. Бұл мүліктің жоғалуына әкеп соғады. Көп жағдайда ұрланған көліктерде сәйкестендіру белгілерінің болмауы полиция жұмысына кедергі келтіреді. Осыған байланысты тұрғындарға велосипедтерді міндетті түрде арнайы құлыппен бекітуді, мүлікті қараусыз қалдырмауды, балалар арбаларын тұрақты бақылауда ұстауды, мүмкіндігінше бейнебақылау камералары бар орындарға қалдыруды және велосипедтерге сәйкестендіру белгісін енгізуді ұсынамыз, — делінген хабарламада.
Еске салайық, өткен жылы Қызылорда облысында тіркелген құқықбұзушылық саны 2%-ға төмендеді. Қоғамдық орындар мен көшеде, мас күйінде жасалған қылмыс та азайған.