Қызылорда қаласынан бір жылда 93 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды

17.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мекеменің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, мұнда 270 жұмысшы, 57 арнайы техника қала тазалығына тұрақты түрде жұмылдырылған.

– Өткен жылы қаладан 462 мың текше метр көлемінде немесе 93 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Қазіргі таңда мекеме қызметін 1359 абонент тұрақты түрде тұтынып отыр, - делінген хабарламада. 

Ал тазалық тәртібін бұзғандарға 21,3 млн теңге шамасында айыппұл салынған. Қыс мезгілінде мекеме қызметкерлерінің жұмысы күшейеді. Қар тазалау, көктайғаққа қарсы қоспа себу, көше тазарту және жол бойындағы қалдықтарды шығару ісіне 60-қа жуық техника сайланды. Өзге де техникалар қысқы режимге бейімделіп, қажетті жанар-жағармай және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етілді.

Бұған дейін біз былтыр Астана қаласында 328 заңсыз қоқыс үйінділері жойылып, 120 мың тоннадан астам қалдық шығарылғанын жазғанбыз. 

Фото: "Қызылорда тазалығы" мекемесі

Қала көшелерін мұз басу мен көктайғақтан қорғауға 2 500 тоннаға жуық құм мен тұз араласқан арнайы қоспа дайындалды. Сонымен қатар қыс мезгілінде үздіксіз қызмет атқаратын 100-ге жуық қызметкер әр учаскеге бөлініп, кезекшілік кестесіне сәйкес жұмыс істейтін болады.

Қала әкімі Нұржан Ахатов мекеменің дайындығын көріп, жауапты сала жетекшілеріне қысқы маусымға жұмысты ұйымдастыруда тәртіп пен жауапкершілікті арттыруды тапсырды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью