Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінен мәлімдегендей, оның ішінде аллеялар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, көпқабатты үйлердің қасбеттерін жаңарту, Сырдария өзенінің жағалау аумағын дамыту, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым объектілерін әрлеу жобалары бар.
Фото: Нұрболат Нұржаубай— Қаланың жаңа бас жоспарын әзірлеу жұмысы жалғасып жатыр. Қала аумағы 172 гектарға ұлғайып, жалпы шекарасы 20 700 гектар болып белгіленді. Жобаның қорытынды кезеңі мемлекеттік сараптама талаптарына байланысты. Биыл бас жоспар мен елді мекендерді дамыту схемаларын бекіту жоспарланған, — делінген хабарламада.
Бөлім қызметкерлері өткен жылы заңсыз құрылыс объектілеріне мониторинг жүргізу нәтижесінде рұқсат құжаттарынсыз салынған 298 кәсіпкерлік нысанын анықтап, заң талабына сәйкес шаралар қабылдады. Нысан иелеріне 44,1 млн теңге көлеміндегі айыппұл салынды.
Бұған дейін Қызылорда қаласында 6 санат бойынша 34 160 отбасы тұрғын үй кезегінде тұрғанын жазған едік.