Қызылорда тұрғыны екі көршісін пышақтап өлтірді

08.01.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Қызылордада 8 қаңтарға қараған түні пышақ жарақаты салдарынан қала тұрғыны мен оның 34 жастағы қызы көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Оқиға туралы полицияға қаза тапқандардың көршілері хабарлаған.

"Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция экипажы күдіктіні қылмыс орнында ұстады. Ұсталған азамат – жәбірленушілердің көршісі", - деп жазылған хабарламада.

Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью