Қызылорда жолдарында автоматтандырылған салмақ өлшеу стансалары орнатылып жатыр

02.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан мәлімдегендей, осыған байланысты жергілікті маңызы бар жолдарда автоматтандырылған салмақ өлшеу станцияларын орнату бағытында ауқымды жұмыс қолға алынды. 

- Атап айтқанда, мұндай құрылғылар республикалық маңыздағы Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент автомобиль жолының белгіленген бөліктеріне қойылып жатыр. Қызылорда – Ақтөбе бағытындағы айналма жол құрылысын мердігер «NNC Group» ЖШС міндетіне алған. Жоба құны – 461 млн теңге. Қызылорда – Шымкент бағытындағы құны 903 млн теңге жобаға жауапты болып «АлемТрансЖол» ЖШС бекітілген. Мердігер жол жабындысы мен арка құрылысын толық аяқтады, - делінген хабарламада. 

Бұл нысандар биыл екінші тоқсанда іске қосылмақ. Сол кезде ауыр жүк көліктеріне бақылауды күшейеді. 

Еске салайық, өңірде жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде анықтайтын стационарлық жүйе желісі кеңейді

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью