Қызылордада 250 ден аса электр бағанасы құлап, 80 шақырымға жуық желі үзілді

03.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Нөсер жаңбыр, қатты жел мен аяздың кесірінен Қызылорда қаласы мен Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарына қарасты бірқатар елді мекендегі электр желілеріне, қондырғыларға, ағаштарға зақым келді. Барлығы 250-ден астам электр бағанасы құлап, 80 шақырымға жуық желі үзілді. 

— Апатты жағдайды қалпына келтіру мақсатында жедел штаб құрылды. «Қызылорда электр тарату тораптары» компаниясының 170-тен астам маманынан құралған жедел жөндеу бригадалары, 80 арнайы техника жұмылдырылды. Тұрғындарды мүмкіндігінше қысқа мерзімде электр энергиясымен қайта қамтамасыз ету үшін 24 сағат бойы үзіліссіз, күшейтілген режимдегі жұмыс екі ауысымда жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Фото:Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы

Еске салсақ, көктайғақ кезінде жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысы шектеліп, коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшірілді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью