Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Комиссия хабарлағандай, 15 наурыздағы республикалық референдумды өткізуге 9 аумақтық, 378 учаскелік комиссия дайын. Референдум қарсаңында 157 семинар ұйымдастырылып, 3252 комиссия мүшесі оқыды.
Фото: Қызылорда облысының аумақтық референдум комиссиясы— Референдум процесін заң шеңберінде ашық әрі алқалы түрде өткізу және дауыс беруді ұйымдастыру — комиссия мүшелерінің тікелей міндеті. Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалымен бірлескен семинарда кәсіби лекторлар пулы референдумды өткізу тәртібі, дауыс беруші азаматтармен, қоғамдық бірлестік және БАҚ өкілдерімен жұмыс жасау алгоритмі туралы дәріс берді. Комиссия мүшелері сондай-ақ практикалық кейстерді талқылады. Семинарға комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары және хатшылар қатысты. Қалған комиссия мүшелері каскад әдісі арқылы білімін жетілдірді.
Семинар комиссия мүшелерінің заңнаманы білуіне, дауыс беруді ұйымдастыру тәртібіне негізделген. Практикалық кейстер мен рольдік ойындарға басымдық берілді, — делінген хабарламада.
Қызылорда қаласындағы және аудандардағы құқық қорғау саласының өкілдері референдум кезінде құқықбұзушылықты болдырмау, дауыс беру учаскелерінде тәртіп сақтау ережелерін түсіндірді.
Айта кетейік, референдум күні елімізде 10,4 мың учаске жұмыс істейді.