Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Облыс әкімдігінен хабарлағандай, нысанның техникалық жағдайы айтарлықтай тозған.
Су ресурстарын тиімді пайдалану және үнемдеу үшін каналды қайта жаңғыртып, заман талабына сай науамен жабдықтау қажеттілігі туындады.
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі— Осы бағыттағы жоба жүзеге асқанда КБИ, Коммунизм, Шанхай, Гагарин шағын аудандары мен Қызылжарма ауылдық округінде тұратын шамамен 48 мыңға жуық тұрғын сапалы аяқсумен қамтамасыз етіледі. Екінші жағынан бұл мал шаруашылығын дамытуға, бау-бақша және жеміс-жидек егуге, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға оң әсерін тигізеді. Суару маусымында каналдан шамамен 9,3 млн текше метр су жіберіледі. Науа қойылған соң су шығыны шамамен 50% қысқарады, — делінген хабарламада.
Мердігер«Бақ-Береке 2030» серіктестігі келісімшарт бойынша ол жерге 14 ай ішінде 9 488 метр науа орнатып, 34,3 гектар аумақты тазалап, монолитті темірбетон конструкцияларын тұрғызуы қажет. Одан бөлек жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер мен су шығару құрылғыларын қояды.
Бұған дейін біз облыс орталығында биыл қандай көшелер жөнделетіні туралы жазған едік.