Қызылордада 5 күнде 232 заңсыз такси анықталды

03.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Оған облыстық полиция департаменті мен мен өзге де салалардан қызметкерлер тартылып, мобильді топтар 134 бағыт бойынша жұмыс жүргізді.

– Осы уақыт аралығында 1 436 әкімшілік хаттама рәсімделді. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда такси қызметін заңсыз ұйымдастырудың 232, рұқсатсыз қызмет көрсетудің 31, жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзудың 165 дерегі тіркелді. Қазалы, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласындағы автобус парктері 7 рет тексеріліп, 5 құқықбұзушылық анықталды. 111 автокөлік айып тұрағына қойылып, 306 көліктің мемлекеттік тіркеу белгілері алынды, - деді облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция қызметі басқармасының бастығы Мұратбек Манатов.

Патрульді бекет қызметкерлері бағыттарды аралау кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жаяу жүргіншілер арасында түсіндіру жұмысын жүргізді.

Еске салсақ, Алматы қаласының прокуратурасы алимент төлемей жүрген такси жүргізушілерін жаңа тәсілмен анықтайды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью