Қызылордада 6 учаскеде дауыс беру таңғы 6 да басталды

23.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Облыс сайлаушыларының өз таңдауын жасауы үшін барлық дауыс беру учаскелері қалыпты жұмысына кірісті.

Соның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындар мен әскери бөлімшелердегі азаматтардың сайлауға қатысуына мүмкіндік жасау мақсатында өңірдегі 6 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды. Оның бесеуі – кен орындарында болса, біреуі – әскери бөлімде орналасқан.

Аталған учаскелер бойынша барлығы 4627 азамат дауыс беру құқығына ие. Оның 5-еуі кен орны болса, 1 әскери бөлімше болып табылады. Нақты айтқанда, мұнайшылар мен әскери қызметшілер сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауда. Осылайша, өндірістік және қызметтік міндеттеріне қарамастан, азаматтардың саяси науқанға қатысуына қажетті жағдай жасалған.

Жалпы өңірде 386 сайлау учаскесі жұмыс жасап тұр. Саяси науқан кезінде учаскелерде дауыс беру процесінің талапқа сай өтуін қамтамасыз етуге 2720 комиссия мүшесі жұмылдырылған.

Өңірдегі барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен жалғасуда. Тұрғындар өз аумағындағы сайлау учаскесіне келіп, кешкі сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, Қызылорда облысы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью