Қызылордада алаяқтық ісі бойынша 406 дроппер анықталды

10.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қадағалаушы органның баспасөз қызметі мәлімдегендей, алаяқтық ісі бойынша 406 дроппер анықталып, соның 380-і бойынша сотқа дейінгі шағымдар түсті.

«Антифрод-орталығына күмәнді есепшот транзакцияларын бұғаттау үшін 1422 инцидент беріліп, 1279 есепшот бұғатталды. 2,4 млрд теңге залалдың 1,5 млрд теңгесі тергеу барысында қайтарылды, өндіру үлесі — 63%», делінген хабарламада.

Қылмыстың себеп-салдары, оның алдын алу бағытындағы іс-шаралар ұлттық банк, қаржы нарығын реттеу және екінші деңгейлі банктер мен микро қаржы ұйымдарының өкілдері қатысқан үйлестіру кеңесінде қаралды.

«Киберпол» жұмысы жолға қойылғалы жәбірленушілердің арызын қабылдау, істі жылдам тергеу тиімділігін көрсетіп отыр. Былтыр облыста көпэпизодты алаяқтықпен айналысқан 3 адамға қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды», делінген хабарламада.

Бұған дейін Қызылорда қаласында орналасқан халықаралық Қорқыт ата әуежайының басшылығы алаяқтық қаупі туралы ескертіп, көпшілікке одан сақтануға үндеген еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью