Қызылордада алаяқтықтың ашылу көрсеткіші 31,2% ға жақсарған

15.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстың 70,1%-ы ашылды, яғни көрсеткіш өткен жылғыдан 31,2%-ға жақсарған.

— Өткен жылдар санатындағы 7 қылмыстық іс ашылып, ашылу көрсеткіші +75%-ға жоғарылады. Ғаламтор желісіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде заңға қайшы белгілері бар 876 сайт және сілтеме анықталып, бұғаттау үшін «Кибербақылау» жүйесіне енгізілді, — деді департамент бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Серік Тоқтыбаев.

Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп халық арасында профилактикалық шаралар тұрақты түрде жүргізіліп келе жатқанын атап өтті. 

— Халық көп шоғырланатын орындарда 4 мыңға жуық жадынама, «SOS» дабыл батырмасы арқылы сақтық шаралары жөнінде аудио-хабарламлар таратылды. Әлеуметтік желілерде, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі 3 мыңнан 80 мыңға дейінгі қатысушысы бар чаттар мен топтарда профилактикалық сипаттағы бейнероликтер мен жадынамалар жүйелі түрде жарияланып келеді, — деді департамент өкілі.

Киберқылмыстың кең таралған түрлері, соның ішінде қоңыраулар, мессенджерлер және жалған сайттар арқылы жасалатын алаяқтық схемалар туралы да сөз болды.

— Ең бастысы — қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. SMS-кодтарды ешкімге беруге болмайды. Егер белгісіз адам хабарласып, қандай да бір қосымшаны жүктеуді сұраса, бірден бас тарту керек. Себебі ол арқылы алаяқтар сіздің телефоныңызды қашықтан басқаруы мүмкін. Күмәнді қоңырау түскен жағдайда бірден байланысты үзіп, банктің ресми нөміріне хабарласу қажет, — деді Серік Тоқтыбаев.

Еске салайық, бұған дейін Атырау қаласының тұрғыны сот үкімімен алаяқтық және азғыру тәсілімен лауазымды адамға айтарлықтай мөлшерде пара беруге көндіріп, айдап салғаны үшін кінәлі болып танылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью