Қызылордада алдағы екі ай мен жазда ауа райы қалай құбылады

27.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалы метеоболжау бөлімінің бастығы Әйгерім Жөкелованың айтуынша, сәуір айында ауаның орташа айлық температурасы +13+16°С шамасында, яғни нормадан 1°С жоғары болмақ. Облыстың басым бөлігінде жауын-шашын әдеттегі көлемде (11-22 милиметр) түседі. 

- Сәуірдің бірінші онкүндігінде ауа температурасы күндіз +18+23°С мен +23+28°С, ал күндіз +2+7°С мен +10+15°С аралығында ауытқиды. Онкүндіктің соңында аздап төмендейді. Жаңбыр бірінші онкүндіктің ортасында және соңында күтіледі.

Онкүндіктің басы мен аяғында күндіз +23+28°С, ортасында +15+20°С, түнде +5+10°С, 0+5°С шамасында.

Онкүндіктің ортасында үсік күтіледі. Жаңбыр жиілейді.

Үшінші онкүндікте күндіз +30+35°С пен +17+22°С, түнде +10+15°С мен +3+8°С аралығында құбылады.

Айдың соңына қарай жаңбыр жауады.

Ал мамырда орташа ауа температурасы нормадан 1°С жоғары болады (+21+23°С). Жауын-шашынның айлық мөлшері облыстың солтүстік жартысында нормадан төмен, оңтүстік жартысында норма (10-23 милиметр) шамасында, - деді Әйгерім Жөкелова. 

«Қазгидромет» өкілі жаз мезгіліне арналған күн райын да жариялады. 

- Маусым мен тамыз айларында ауа температурасы нормадан 1°С жоғары болып, жауын-шашын әдеттегіден аз түседі. Шілде айында ғана ауа температурасы (+26,9, +29,3°С) және жауын-шашын қалыпты көрсеткіште (3, 8 милиметр) болады, - деді ол.

Бұған дейін біз Солтүстік Қазақстан облысына арналған синоптиктердің болжамын жариялаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью