Қызылордада әлеуметтік желідегі видео үшін 7 көлік айыппұл тұрағына жөнелтілді

30.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қызылордада жол қозғалысы ережесін бұзған кортеж қатысушылары жауапқа тартылды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Полицияның мәліметінше, тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерден жүргізушілердің жол ережесін өрескел бұзғаны түсірілген бейнежазбаны анықтаған. Көп ұзамай кортеж қатысушылары анықталып, жауапқа тартылды.

Әлеуметтік желіде жарияланған кадрлардан қатысушылардың маневр жасау ережелерін бұзғанын, апаттық жағдай туғызғанын, тоқтау және тұру қағидаларын, міндетті сақтандыру талаптарын, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тағу ережелерін сақтамағанын көруге болады.

"Барлық қатысушы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Олар 19 бен 26 жас аралығындағы Қызылорда қаласының тұрғындары болып шықты", - деп хабарлады полиция.

Сегіз адамға қатысты 27 хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Төрт адам сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін бес тәулікке қамауға алынды.

Жеті автокөлік айып тұрағына қойылды. Қалған қатысушыларға мұндай әрекеттің қайталанбауы керектігі ескертілді.

Тағы оқыңыз: Қызылорда облысында қауіпті той кортежі полицияның назарына ілікті

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью