Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
13 сәуірде Қызылорда қаласы Отырар көшесі 3А мекенжайында орналасқан ауданы 244 шаршы метр болатын екіқабатты «Ақбілек» орта балабақшасының жертөлесінде ауданы 28 шаршы метр бөлме өртенді. Өрт сағат 12:04–те оқшауланып, 12:11–де толық сөндірілді.
— Келгенге дейін 93 адам, оның ішінде 85 бала өз бетінше эвакуацияланған. ТЖМ күштерімен 5 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ. Оның шығу тегі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖД 35 қызметкері, 12 техника жұмылдырылды, — деді Қызылорда облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Жасұлан Түйменов.
Бұдан бұрын Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, үш бала қаза тапқанын жазғанбыз.