Қызылордада ізім қайым жоғалған 3 жасар бүлдіршін табылды

27.10.2025

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Керимхан Аппазов мен ювеналды полиция тобының инспекторы Бекзатхан Тоханов қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде ата-анасының қарауынсыз жүрген 3 жасар баланы байқаған.

Сурет: polisia.kz

Осылайша, полицейлер баланың ата-анасын жедел іздестіріп, көп ұзамай баласын жоғалтқан әке табылып, баламен аман-есен қауышты.

"Тексеру барысында белгілі болғандай, баланың әкесі жақын маңдағы ғимаратқа кіріп кеткен сәтте, бала көліктен түсіп кеткен. Әкесінің көлігінен алыстап кеткен балақай адасып қалған",- делінген ақпаратта.

Қырағылық пен жедел әрекет еткен полиция қызметкерлеріне ата-анасы алғысын білдірді.

Бұған дейін Алматы тауларында адасып кеткен 10 туристке көмек көрсетілгенін жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью