Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ведомство таратқан мәліметке сүйенсек, облыс аумағында жылы ауа райының қалыптасуына байланысты көктемгі су тасқыны кезеңі шығынсыз өтті.
Фото: Өңірлік коммуникация қызметі— Су басу қаупі бар аймақтарға арнайы техника, күш-құралдары бар жауапты мекемелер бекітілді. Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қор қажетті көлемде жиналып, ықтимал су тасқыны кезеңінде халықты көшіру пункттері дайындыққа келтірілді, — деді басқарма басшысы Марат Құрманбаев.
Басқарма жұмысындағы тағы бір бағыт — кенемен күрес. Бұл жәндік конго-қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғышы екені белгілі. Өткен жылы 111 елді мекен кене ошағы есебінде тізімге енген. Ондағы мал және қора, суат-шаңлақтар көктем мен және күзде заласыздандырылды.
— 2021-2025 жылдар аралығында 124 елді мекенде бірыңғай басқару пульті бар 167 сиреналық-сөйлеу құрылғысын және 1 цифрлық телеарналарға қосылу құрылғысын орнату жұмысы жүргізілді. Бұл іс-шаралар Қызылорда облысының басқару органдары мен халықты кешенді құлақтандыру жүйесін құру жобасы аясында атқарылды, — деді басқарма басшысы.
Бұған дейін біз Қызылорда облысында кенеге қарсы залалсыздандырудың күзгі маусымы аяқталғанын жазған едік.