Қызылордада көкпар кезінде көлік жылқыларды қағып кетті

04.11.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қызылорда облысының Шиелі ауданында өткен көкпар ойыны кезінде көлік жылқыларды қағып кеткен сәт әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Видеодан алынған кадр

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2025 жылдың 1 қарашасында Алғабас ауылында болған. Көкпарды ауыл тұрғыны ұйымдастырған.

«Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба бойынша тексеру жүргізілді. Оқиға 2025 жылдың 1 қарашасында Шиелі ауданының Алғабас ауылында кент тұрғыны ұйымдастырған көкпар ойыны кезінде болған. Ойын барысында 102 арнасына ешқандай хабарлама түспеген. Қазіргі уақытта бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью