Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Облыстық санитариялық -эпидемиологиялық бақылау басқармасынан хабарлағандай, 2024 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 34,8 есе төмен. Барлық дерек 14 жасқа дейінгі балалар арасынан анықталды. Дәрігерлер бұл ауруға негізінен екі жасқа толмаған балалар шалдығатынын айтып отыр. Балаларды көкжөтелден қорғаудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі — вакцинация.
— Алғашқы екпе баланың 2, 3, 4 және 18 айлығында жүргізіледі. Әрі қарай 6, 16 жаста және әр 10 жылда ересектерде жүргізіледі. Бұл ретте дифтерияға, көкжөтелге және сіреспеге қарсы иммунитетті дамытуға мүмкіндік беретін аралас вакцина қолданылады, — делінген хабарламада.
Департамент өкілдері көкжөтелді жұқтырып алмас үшін уақытылы екпе алуға кеңес береді.
— Сонымен қатар санитариялық-гигиеналық талаптарды жауапкершілікпен орындауды сұраймыз. Аурудың белгілері байқалған кезде жедел медициналық көмекке жүгіну керек, — делінген департамент хабарламасында.
Еске салайық, былтыр елімізде қызылша және көкжөтелмен сырқаттанушылық азайды.