Қызылордада Land Cruiser мінген алты жасар айдап әкетушіні полиция тоқтатты видео

10.09.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қызылордада полиция түнде Toyota Land Cruiser тізгіндеген 6 жасар баланы тоқтатты, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Полиция мәліметінше, Қызылорда облысы Полиция департаменті Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көлік тізгінінде отырған баланы байқаған.

Тәртіп сақшылары дер кезінде араласып, оқыс оқиғасының алдын алды. Тексеру барысында автокөлік баланың әкесіне тиесілі екені анықталды.

"Кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне қатысты баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ баланың түнде тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды", - деді ведомстводағылар.

Сот әкені әкімшілік жауапқа тартып, айыппұл салды. Полицейлер бала және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Сонымен қатар, қазір республика көлемінде "Абайлаңыз, балалар!" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Ол кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

"Полиция ата-аналарға балаларының қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамау қажеттігін ескертеді. Кәмелетке толмағандардың көлік құралдарын басқаруына, сондай-ақ балалардың түнде көшеде қараусыз жүруіне жол бермеңіздер", - деп хабарлады ПД.

Ата-аналардан балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау және олардың жүріс-тұрысын мұқият қадағалау сұралды.

Тағы оқыңыз: “Бас, құтылып кетеміз!“ СҚО-да бөтеннің көлігін тізгіндеген жүргізуші полициядан қашпақ болған - видео

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью