Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметінше, оның ішінде әлеуметтік жағдайы осал топ өкілдері (9 247), мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері (8 238) мен көпбалалы отбасылардың (5 743) салмағы басым.
– Тұрғын үй қатынастары туралы заңдағы өзгерістерге сәйкес 2025 жылғы 24 мамырдан бастап Қазақстан азаматтарын тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою қызметін Ұлттық даму институты мәртебесіне ие Отбасы банк жүзеге асырып келеді. Осыған байланысты бұрын бөлім құзыретінде болған азаматтарды есепке алу, кезекке қою, тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау қызметтері толықтай Отбасы банкке берілді. Өткен жылы жүргізілген тексеру барысында 4 714 азамат кезектен шығарылды. Оның ішінде тұрғын үйі бар азаматтар саны – 4 154, 360 отбасы басқа қалаға көшкен, 200 отбасының жеңілдік негіздері жойылған, - делінген хабарламада.
Тұрғын үй кезегінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 20 наурызда 26 мың азаматтың тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Ал бір жылда облыс орталығында 1261 пәтер пайдалануға берілді.
Еске салайық, Қызылорда қаласында жер кезегін сарыла күткен 70 мыңнан астам адамның алды жылжи бастады.