Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қызылордада BMW және Lexus көліктерімен қауіпті дрифт жасаған екі жас жігіт жауапқа тартылды, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау барысында жүргізушілердің көліктерін бір орында айналдырып, жол қозғалысына қауіп төндірген видеосын анықтаған. Тәртіп сақшылары жүргізушілердің жеке басын анықтады. Олар облыс орталығының 20 жастағы тұрғындары болып шықты.
Екі жүргізушіге қатысты 13 әкімшілік хаттама толтырылды. Олар жол қозғалысы ережелерін бұзып, апаттық жағдай туғызған. Сондай-ақ жүргізушілердің бірінің көлік басқаруға құқығы болмаған.
Сот шешімімен екі құқық бұзушы да ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.