Қызылордада құқықбұзушылықты ашуға дрондар қолданыла бастады

18.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Облыстық Полиция департаменті құқықбұзушылықтың дер кезінде алдын алу үшін ұшқышсыз технологияларды белсенді түрде пайдалана бастады. Бүгінде Қызылордада 5 дрон қолданыста, олардың көмегімен жыл басынан бері 23 әкімшілік хаттама рәсімделді.

Фото: Қызылорда облыстық Полиция департаменті

- Дрондар бұқаралық іс-шараларды бақылауға, жедел жағдайға мониторинг жүргізуге және құқықбұзушылықтарды нақты уақыт режимінде анықтауға мүмкіндік береді. Стратегиялық нысандарды күзету үшін, мекемеге заңсыз кіру фактілерін тіркеу мақсатында да пайдаланылады. Дрондардың көмегімен қоқысты заңсыз төгу, ағашты заңсыз кесу, қалдық төгу және браконьерлік фактілері тіркеледі. Ұшқышсыз технологиялар іздестіру-құтқару іс-шаралары кезінде де аса қажет, - делінген хабарламада.

Заманауи технология көмегімен анықталған құқықбұзушылықтар арасында жол қозғалысы қағидаларын бұзу, жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден жолды кесіп өтуі сияқты деректер бар. Осы орайда тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерді жолдың тек белгіленген бөлігінен өтуге шақырды.

Алматы облысында да патрульдік полиция қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппараттарын, яғни дрондарды қолданып жүр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью