Қызылордада қызметтік иттердің көмегімен 83 қылмыс ашылды

10.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, бірі есірткіні, бірі жарылғыш затты іздеуге бейімделсе, енді бірі — кинологтардың із кесудегі, тағы бір тобы одорология және шабуылдау саласындағы көмекшілері. 

Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

— Иттердің көмегімен жыл басынан бері 83 қылмыс ашылды. Олар — негізінен есірткімен байланысты, ұрлық және тағы басқа қылмыстар. Криминалдық полиция саласында 21 қылмыс анықталса, соның басым бөлігі — бөтен мүлік ұрлығы. Қызметтік иттер есірткінің заңсыз айналымына қарсы 565 рет қолданылып, нәтижесінде 36 қылмыстық құқықбұзушылық әшкереленді. 1 келіден астам есірткі заңсыз айналымнан алынды. Одорологиялық іріктеу саласында 10 рет қолданылып, тең жартысында еңбек нәтижелі болды, — делінген хабарламада.

Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

ҚР ІІМ кинологиялық орталығында даярлық курсынан өткен кинологтар қалааралық бағытта қатынайтын автобустар қоймасын, әуежай, «Қазпошта» және автовокзал ғимараттарын тексеру барысында да қызметтік иттердің көмегіне жүгінеді.

Бұған дейін Kazinform тілшісіне Ақтөбе облыстық полиция депаратаментінің кинолог-инспекторы Махамбет Абдуалиев итке қойылатын талап пен оның полиция қызметіндегі жұмысы туралы айтып берді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью