Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қызылорда облысының прокуратурасы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметін тексеру барысында лауазымды тұлғаның заңсыз әрекеті анықталды.
Сырдария аудандық СЭБ басқармасының бөлім басшысы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамалған. Алайда, жұмыста болмағанын жасыру үшін басшылыққа жалған еңбекке жарамсыздық парағын тапсырған.
Тергеу нәтижесінде бұл құжаттың жалған екені және оны аудандық аурухананың дәрігері дайындағаны белгілі болды.
Прокуратураның тексеруінен кейін іс сотқа жолданып, үкім шықты:
Дәрігер ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Ал бөлім басшысы көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін 385-баптың 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.Сот үкімі заңды күшіне енді. Прокуратура органдары мемлекеттік қызметтегі заңдылықты қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруда.
Бүгін, 18:19