Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Белгілі болғандай, Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 15тәулікке қамаққа алынған.
Алайда, мемлекеттік қызметші жұмыста болмаған себебін жасыру және жұмыстан қалуын заңдастыру мақсатында басшылыққа жалған уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұсынған.
Тергеу барысында құжаттың жалған екені және оны Сырдария аудандық ауруханасының дәрігері дайындағаны белгілі болды.
Прокурорлық тексеру материалдары негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексерубасталып, іс сотқа жолданды.
"Соттың үкімімен аудандық аурухана дәрігері жалған құжат дайындағаны үшін ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Ал, Бөлім басшысы көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін ҚК-нің385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды",- делінген ақпаратта.
Сот үкімі заңды күшіне енген.
Бұған дейін қарызға белшесінен батқан қазақстандық бүйрегін сатпақ болғанын жазғанбыз.