Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, заңсыз айналымнан 1 тонна 883 килограмм есірткі заты тәркіленді.
- Оның ішінде 220 килограмм марихуана, 687 грамм гашиш, 1 тонна 650 килограмм сора өсімдігі, 9 килограмм көкнәр өсімдігі және 2 килограмм 666 грамм синтетикалық есірткі заты бар. Сонымен қатар үй жағдайында сора өсімдігін заңсыз өсірген 5 фитозертхана анықталды. Аса ірі мөлшерде мефедрон және a-PVP синтетикалық есірткі затын тасымалдағаны үшін күдікті ретінде Қызылорда, Маңғыстау облыстарының тұрғындары ұсталды, - делінген хабарламада.
Есірткіні заңсыз жарнамалау бойынша екінші деңгейлі банктердің 1100 есепшоты «Антифрод» жүйесі арқылы бұғатталды. Синтетикалық есірткіні жарнамалаған 1500 интернет-сайт «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне енгізіліп, бұғатталды.
Еске салсақ, Қызылорда облысында өткен жылы полицияның 102 арнасына 71 293 хабарлама түскен.