Қызылордада синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 1120 сайт бұғатталды

28.10.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, оның 66-сы — есірткі өсіру, 22-сі — есірткі өткізу, 5-і — есірткі жарнамалау деректері. Сондай-ақ есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, есірткі тұтынуға көндіру қылмыстары әшкереленді. 

— Заңсыз айналымнан 1 тонна 570 килограмм есірткі заты алынды. Оның ішінде сора, марихуана, көкнәр мен синтетикалық есірткінің салмағы басым. Үй жағдайында сора өсімдігін өсірген 5 фитозертхана анықталды. Облыс орталығындағы көпқабатты үй аулалары, гараждар мен құрылыс аумақтарының арасын тексеру нәтижесінде есірткіні жарнамалайтын граффити суреттерінің азайғаны анықталды, — делінген хабарламада.

«Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 1120 сайт енгізіліп, бұғатталды. 

Ал кеше біз Оралда «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында гаражының жертөлесінде заңсыз фитозертхана жабдықтаған қала тұрғыны ұсталғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью