Қызылордада соғыс және тыл ардагерлеріне қандай көмек беріледі

22.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

— Сыр өңірінде жалғыз қарт майдангер қалды. Жасы 104-ке таяған Яхия Тасыров бүгінде Сырдария ауданының Тереңөзек кентінде тұрып жатыр. Оған соғыс ардагері ретінде 1272 айлық есептік көрсеткіш немесе 5,5 млн теңге мөлшерінде көмек тағайындалды, — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлім басшысы Смат Сейдахметов.

Соғыс жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін:

— бұрынғы КСР Одағының орден, медальдарын иеленгендерге — 60,

— 1941-1945 жылдары соғыс кезеңінде кемінде 6 ай қызмет өткерген тыл ардагерлеріне, тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының орден-медальдарымен марапатталған адамдарға — 50,

— сондай-ақ соғыс ардагерлеріне теңестірілген (қатысушылары мен мүгедектерінен басқа) ардагерлерге, соғыс кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қатысқандарға, Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтарға, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындарына, жаралану салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге, азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы радиациялық апаттар мен ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі анықталған адамдарға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен қайтыс болған соғыс мүгедегінің жұбайларына, Чернобыль апаты мен Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтарды жоюға, басқа мемлекеттердің аумағындағы, оның ішінде Тәжік-Ауған учаскесіндегі әскери іс-қимылдарға, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге (Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен басқа) қатысқандарға, Ардагерлер туралы заң күші қолданылатын (тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған соғыс мүгедегінің жұбайлары) басқа адамдарға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 216 250 теңгеден төленеді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, Қызылордада соғыс уақытында тылда бел жазбай еңбек еткен 1331 адам бар. 

Ал Батыс Қазақстан облысында биыл Жеңіс күніне орай 1 722 адамға 91,8 млн теңгеге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілетіні айтылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью