Қызылордада талапқа сай келмейтін террористік тұрғыдан осал нысандар анықталды

11.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі күні аймақта осындай 986 нысан есепке алынған.

– Олардың қатарына адам көп жиналатын орындар, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, мәдениет және спорт объектілері, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар кәсіпорындар кіреді. Тексеру барысында техникалық нығайтылу деңгейі, инженерлік-қорғаныс жүйелері, қызметкерлердің төтенше жағдайға дайындығы тексеріледі. Жыл басынан бері 37 нысан тексерілсе, соның 10-ы талапқа сай болмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2 нысанға кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді, – делінген хабарламада.

Полиция нысандар түгел барлық талапқа сәйкес келгенге дейін тексеруді жалғастырмақ. 

Қызылорда облыстық полиция департаменті бұған дейін велосипед ұрылары үшін қолайлы маусым басталғанын мәлімдеп, тұрғындарды жеке мүлкіне мұқият болуға шақырған еді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью