Қызылордада техникалық регламентке сай таңбаланбаған өнімдер саудадан алынды

16.01.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

- «QazCem» цемент және бетон өндірушілер ассоциациясынан техникалық регламенттер мен нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін цемент өнімі туралы арыз түсті. Арызға сәйкес «Али-Асқар Құрылыс» серіктестігінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде әкімшілік іс қозғалып, 383 мың теңгеден астам айыппұл салынып, таңбалануы бойынша техникалық регламентке сай келмейтін цемент өнімін сатуға тыйым салынды. Жанар-жағармай құю бекеттерінде бензинді кем құю туралы 1 арыз-шағым түсті. Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде метрологиялық бұзушылықтар анықталып, «Новая АЗС» серіктестігіне әкімшілік айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылды, - деді департамент басшысы Бауыржан Қарсақбаев. 

Мамандар бензин, мотор майы, тұрмыстық электр тауарларының үлгілерін сатып алып, сынақтан өткізді. Сынақ қорытындысы соның 3-і, яғни Қытайда шығарылған «Tri Tower», «Arshia» үтіктері мен «Abesen Q» электр шәйнегінің таңбалануы техникалық регламент талабына сәйкес келмейтінін көрсетті. Өнімдерді айналымнан алу туралы қаулы қабылданды.

- Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жүргізген тексеру нәтижесінде 4 түрлі өнімнің сәйкестік декларацияларының күші жойылды. Олар — «Al-hayat», «Балқия» түйіршіктелген қара шәйі, «Балтыс» тартылған еті және "Al Tamir tea" түйіршіктелген қара шәйі, - деді департамент басшысы. 

Бұған дейін біз «Нестле Фуд Қазақстан» ЖШС Қазақстан аумағында сақтық шарасы ретінде балалар тағамының шектеулі партияларын ерікті түрде кері қайтарып жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью