Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Оған Қырғызстан Республикасы мен еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар келді.
Фото: Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы— 2008 жылы басталған жарыс әлемдік деңгейдегі чемпиондардың шеберханасына айналды. Оны турнирдің тарихынан анық көруге болады. 2017 жылы алғаш рет халықаралық деңгейге көтерілді. 2020 жылы жарыс аясында тұңғыш рет Азия кубогі ұйымдастырылды. Үздік спортшылар биыл тұңғыш рет жасанды интеллектпен сынға түседі. ЖИ тоғызқұмалақшының деңгейі халықаралық спорт шеберінің деңгейімен бірдей. Оның авторы — жоғары технологиялық ЖИ бағдарламасын әзірлеуші Абылай Нұрске есімді астаналық азамат, — деді турнирдің бас төрешісі, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері Хакімжан Елеусінов.
Бұл жүйе ұлттық ойын ережелерін меңгеріп, қарсылас ойыншының әрекетіне қарай жауап қайтара алады. Мамандар оны бұған дейін тарихи жетістік ретінде бағалап үлгерді.
Турнир барысында алдағы халықаралық және республикалық жарыстарға қатысатын үздік спортшылар анықталады. Жарыс қорытындысы 6 наурыз күні белгілі болады.
Бұған дейін Астанада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушылары, жасөспірімдер, жастар мен ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан қалалық турнир ұйымдастырылған болатын.