Қызылордада төлем тәртібін бұзғандар 126,3 теңгені бюджетке қайтарды

10.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінен хабарлағандай, оған жол берген білім, құрылыс, денсаулық сақтау және тағы басқа салалардың жауапты қызмет иелері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

– Аудит объектілерінің 189 лауазымды өкіліне қатысты 455 әкімшілік хаттама толтырылды. Бюджет қаражатын ұрлау, артық аудару фактілері бар 10 аудит материалдары облыстық прокуратураға жолданды. Қадағалаушы орган бұған байланысты процессуалды шешім қабылдайды. 

Құқық қорғау органдары 6 аудит материалдары бойынша қылмыстық кодекстің 189-бабы, яғни сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу-тексеру қорытындысымен 6 істің құжаттары сот қарауына жолданды, - деді департамент басшысы Ербол Күзембаев. 

Аймақта бюджет қаражатының тиімді, ашық және мақсатты пайдаланылуына онлайн мониторинг жүргізіледі.

– Алғашында онлайн мониторинг білім саласы қызметкерлерінің еңбекақы төлемдеріне жүргізілді. 2025 жылдан бастап денсаулық сақтау, спорт және медицина саласының қызметкерлері қамтылды. Нәтижесінде 482 төлем бойынша тәртіптің бұзылғаны анықталды.
Бюджетке және ұйымдарға 126,3 млн теңге қайтарылды, - деді департамент басшысы.

Бұған дейін өткен жылы Қызылорда облысының мемлекеттік еңбек инспекторлары тексеру нәтижесінде 348 заңбұзушылықты анықтағанын жазған едік. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью