Қызылордада жол ережесін бұзудың 73 мыңнан астам дерегі тіркелді

21.01.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Облыстық полиция департаменттің жедел басқару орталығы арқылы 87 173 әкімшілік құқық бұзу дерегі анықталды. Оның 73 мыңнан астамында жол жүру ережесі бұзылған.

— Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыс пен экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында өңірде 888 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Былтыр олардың көмегімен 195 қылмыстың беті ашылды, — делінген департамент хабарламасында. 

Оның басым көпшілігі, яғни 4 мыңнан астамы ұсақ бұзақылық, 2700-ден астамы алкогольді ішімдік ішу және қоғамдық орындарда масаң күйде жүруге байланысты толтырылған. Бейнебақылау камералары тәулік бойы жұмыс істейді. Пооицейлер қандай да бір құқықбұзушылық тіркелсе, заң аясында тиісті шаралар қолданылатынын айтып отыр.

Еске салсақ, жуырда Жамбыл облысында 155 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью