Қызылордада ЖРВИ жұқтырғандардың 61% ы балалар

05.11.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен хабарлағандай, ауруға шалдыққандардың 61%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар, 1,6%-ы – жүкті әйелдер. Науқастардың 5%-ы ауруханаға жатып, ем алды.

- 239 науқастың сынамасы ПЦР әдісімен тексеріліп, нәтижесінде оның 35-і А типті тұмау екені анықталды. 202 сынама зерттеу жүргізу барысында тұмау санатына жатпайтын 7 вирус анықталды, оның 1-і – аденовирус, 6-ы – риновирус. 2025-2026 жылдардағы эпидмаусымға 85 006 доза вакцина сатып алынды. Бүгінгі күні 84 мыңға жуық тиісті конитингентке тұмауға қарсы вакцина салынды. Соның 23,5 мыңға жуығы – балалар, - деді департамент басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Жаңа эпидмаусымда жалпы облыс тұрғындарының 9,9%-ы иммундаудан өтті.

Еске салсақ, Батыс Қазақстан облысында жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және тұмаумен сырқаттанушылыққа байланысты жаңа 2025-2026 жылғы эпидемиологиялық маусым биылғы 1 қазаннан басталғанын жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью