Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, тілсіз жау 6 адамның өмірін қиған. 10 адам түрлі дене жарақатын алған.
Фото: Өңірлік коммуникация қызметі
— Жылу беру маусымы басталғалы тұрғын үй секторларында 55 өрт оқиғасы болды, 1 адам көз жұмды. 2024 жылмен салыстырғанда 21,4%-ға азайған. Газдан улану жағдайлары тіркелген жоқ. Тілсіз жау көбіне тұрғындардың қауіпсіздік шараларына салғырт қарауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, электр желілерінің қысқаша тұйықталуынан пайда болады, — деді департаменттің басқарма бастығы Бейбітхан Спанов.
Қызметкерлер тұрғындаға қауіпсіздікті сақтауға кеңес береді. Бір жылда олар 95 мыңнан астам тұрғын үй секторын аралап, 311 мыңнан астам адамға профилактика жөнінде айтты.
— Әлеуметтік осал топтағы 6 825 отбасының үйіне жергілікті бюджет қаражаты есебінен табиғи газды анықтайтын 484, көмірқышқыл газын анықтайтын 85 датчик орнатылды. Тұрғындарға оны пайдалану ережелерін түсіндірдік, — деді департамент өкілі.
Еске салсақ, кеше Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Соловьево ауылында ер адам өртеніп жатқан үйден екі баланы құтқарды.