Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Басқарманың мәліметінше, стадион өткен жылы қазан айында лицензияға қол жеткізген. Ал оны ресми түрде табыстау алдағы көктемге жоспарланған.
Фото: Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы– Қызылорда қаласындағы «Kaysar Arena» стадионы 4 қазанда Қазақстан rубогының финалдық ойынымен ресми түрде ашылды. Стадион Қазақстан футбол федерациясы тарапынан лицензияланып, UEFA Time бағдарламасына 4-санаттағы стадион ретінде енгізілді. Сәйкесінше UEFA инспекциясын өткізу сәуір-мамыр айларына жоспарланған. Аталған ұйым мәліметіне сәйкес, стадион 4-ші санатты талапқа толықтай сәйкес келеді. Стадионның ойын алаңы FIFA тестілеуінен өтіп, ең жоғары деңгей — FIFA QUALITY PRO сертификатын иеленді, - делінген хабарламада.
Басқарманың мәліметінше, бұл стадионға ауқымды матчтар мен халықаралық жарыстарды өткізуге толық мүмкіндік береді. Жаңа стадион сондай-ақ UEFA-ның ресми сайтына енгізілген.
Фото: Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасыАйта кетейік, футбол алаңы заманауи жасанды көгалмен жабдықталып, жарықтандыру жүйесі де UEFA талаптарына сай жасалған. Жаңадан салынған спорт нысанының жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден асады.