Қызылордалық оқушы егістіктегі су шығынын азайтатын қондырғы құрастырды

26.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ол бұл мәселені автоматтандырылған суару жүйесін қолдану арқылы шешуге болатынын дәлелдеді.

- Жоба барысында ұстазымыздың жетекшілігімен егістікті тиімді суаруға арналған Arduino процессорына негізделген қондырғы құрастырдым. Қондырғы топырақ ылғалдылығы, ауа температурасы және жарық мөлшері туралы ақпаратты арнайы датчик арқылы қабылдап, алынған дерекке сүйене отырып суды үнемді жұмсауды қамтамасыз етеді. Мұндай жүйе су шығынын 25-30 пайызға дейін азайтып, артық суару салдарынан туындайтын топырақ эрозиясы мен құнарсыздануының алдын алады, - деді Айзере Жақыпбек.

Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

Жоба авторы су ресурсы осы замандағы ең басты құндылық екенін, әлемдік климаттың өзгеруі мен халық санының өсуі салдарынан оған сұраныс артқанын атап өтті.

- Қазақстан жағдайында бұл мәселе айрықша сезіледі. Себебі еліміздің көп бөлігі аридті, шөлді және шөлейт климат аймағында орналасқан. Соңғы жылдары егіс алқабында су жетіспеушілігі анық сезіле бастады. Ал бұл ауыл шаруашылығына тікелей кері әсерін тигізеді. Осыған байланысты ирригациялық жүйелерді жетілдіру – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар бағыт, - деді оқушы.

Автоматтандырылған жүйенің дәстүрлі әдіске қарағанда тиімді екені тәжірибе барысында дәлелденген. Өсімдіктер қолайлы уақытта суарылып, тамыр жүйесінің ауруы азайған. Бұл бір жағынан фермер еңбегін жеңілдетіп, өнімділікті арттыруға сеп.

Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

- Ирригациялық жүйені жетілдіру – тек агротехникалық жаңалық қана емес, ол — еліміздің экономикалық тұрақтылығын, экологиялық қауіпсіздігін және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін тиімді шешім. Автоматтандырылған суару технологиясы – Қазақстандағы ауыл шаруашылығы үшін болашақтың кілті, - деді жоба авторы.

Бұрын хабарлағанымыздай, Астана қаласындағы Шейх Халифа бен Зайд әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейінің 9 «А» сынып оқушысы Алдияр Бекжан «Цифрлы мектеп» жобасын іске асырды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью