Қызылордалық отбасы кірпіштен салынған қараша үйде тұрып жатыр

09.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазіргі күні онда Дәржановтар отбасы тұрып жатыр. Kazinform тілшісімен сұхбатта осы отбасының кенже қызы Салтанат Дәржан үйдің құрылысы екі жылға созылып, 2022 жылы аяқталғанын жеткізді.

Фото: Салтанат Дәржанның жеке архивінен

- Бұл – негізі анамның ағасы Асылбек Алғашовтың идеясы. Әкем, бауырларым нағашы көкемнің ойын қуаттап, ағайын-туыстың көмегімен асарлатып кірпіштен шеңбер тәріздес үй салуды бастап кетті. 2020-2021 жылдары кесегі мен іргетасын құйып қойды. Ішкі әрлеу жұмысын ұсталарға тапсырды. Үйді әдемі етіп салуда ешқандай кедергі болған жоқ, - деді ол.

Фото: Салтанат Дәржанның жеке архивінен

Ерекше идея иесі Асылбек Алғашовтың әкесі темірден түйін түйген, он саусағынан өнер тамған хас шебердің өзі болған. Балалық шағы киіз үйде өткен ақсақал жылы естелікті жадында жаңғыртқысы келгенге ұқсайды. Этностильде салынған баспанаға қазіргі күні оның қарындасы Кенжегүл Еспенбетова жолдасы Бибіт Дәржанов және ұл-қыздарымен бірге бас-көз болып отыр.

Фото: Салтанат Дәржанның жеке архивінен

- Заман талабына сай. Электр жарығы, газ, ыстық су – барлығы келіп тұр. Кіреберіс, жуынатын бөлме, асхана, жатын бөлме мен қонақ бөлме бар. Қабырғасы кесектен салынған. Сондықтан жылы әрі сәнді болсын деген оймен қазақтың ою-өрнегі түскен кілемше, одан бөлек қайыс қамшы, ұлттық аспабымыз домбыраға дейін іліп қойдық. Атам пайдаланған есепшот та, нағашы әжемнің қолдан жасалған сандығы да үйімізде тұр, - деді аудан тұрғыны.

Ескі мен жаңа үйлесім тапқан қараша үйді көруге қызығушылық танытатындар аз емес.

Фото: Салтанат Дәржанның жеке архивінен

- Көп адам хабарласып жатады. Қазақта тіл-көз деген сенім бар болғандықтан біз барлығына бірдей рұқсат бермейміз. Келіп көрген кісілер таңданысын жасырмайды, - деді Салтанат Дәржан.

Фото: Салтанат Дәржанның жеке архивінен

Еске салайық, жуырда Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық комитетінің 20-шы сессиясында «Киіз үйді жасау және қолдану дәстүрі» аталымын кеңейту туралы шешім қабылданды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью