Қызылордалық полицей халықаралық турнирде топ жарды

12.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қызылорда облыстық полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы, полиция аға лейтенанты Қабыланбек Кемелбек халықаралық жарыста жоғары нәтиже көрсетті.

— Спорттық дода «Серхедчи» спорт орталығында ұйымдастырылды. Оған 15 мемлекеттен 700-ге жуық спортшы қатысты. Тартысты бәсекеде Қабыланбек Кемелбек 75 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсті. Жүлделі І орынды иеленді, — делінген департамент хабарламасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен Азия және Мұхит аралық чемпионатта қызылордалық Снежанна Бойко 45 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, ел мерейін үстем етті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью