Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Департаменттің баспасөз қызметі мәлім еткендей, темір тұлпар тасжолдан 35 шақырым қашықтықта, яғни жету қиын Телікөл аймағында тұрып қалған. Ішіндегі адамдар екі күн бойы далада қонуға мәжбүр болған. Олар өз күшімен шыға алмаған соң құтқарушылар көмегіне жүгінген.
– Іздестіру жұмысы жолдың жоқтығы мен батпақ болуы салдарынан күрделене түсті. Зардап шеккендерге жету үшін жоғары өтімді техника жұмылдырылды. Аумақты әуеден барлау үшін ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылып, үйлестіру спутниктік байланыс арқылы жүргізілді. Таңертең іздестіру тобы төрт ер адамды тауып алды. Құтқарушылар оларды даладан эвакуациялап, облыс орталығына жеткізді. Ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Абай облысында Төтенше жағдайлар министрлігі, облыстық полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күші тауда адасып кеткен 1989 жылы туған ер адамды іздеп тапқан еді.