Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 22 сәуір - Sputnik. Қызылордалық жас химик Менделеев халықаралық олимпиадасының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Қызылорда облысындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Арен Теңізбаев Мәскеуде өткен 60-шы халықаралық Менделеев олимпиадасында алтын медаль иегері атанды.
Химиядан әлемдегі ең беделді олимпиадалардың бірі саналатын International Mendeleev Chemistry Olympiad байқауына 37 елден 200-ге жуық мектеп оқушысы қатысты. Атап айтқанда ол елдер қатарында Қазақстан, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка, Солтүстік Македония, Израиль, Түркия, Әзербайжан, Иордания, Коста-Рика, Тайланд, Египет, Өзбекстан, Куба, Чад Республикасы, Моңғолия, Түрікменстан, Бразилия, Армения, Тәжікстан, Камерун, Бангладеш, Вьетнам, Ботсвана, Нигерия, Беларусь және Қытай бар.
Қазақстан құрамасы сайыста 1 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Соның ішінде алтын медальді Қызылорда облыстық Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысыТеңізбаев Арен алды.
Күміс медаль:
Жақсылықов Ансар - Астана қаласы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;
Жеңісханова Айзере - Өскемен қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
Қалдыбай Меңдіғали - Астана қаласы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;
Сейітқазиев Нұрсейт - Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
Қола медаль:
Полетаев Данил - Алматы қаласындағы №134 лицейінің 11-сынып оқушысы;
Қали Әбілмансұр - Астана-Нұра физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;
Айтжанов Алидар - Қарағанды қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
Ибраимов Абдижан - Астана қаласындағы халықаралық NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
Махмутов Мансур - Алматы қаласындағы "Мирас" халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.
Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан құрамасы 11 оқушыдан құралған болатын. Олар 7 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған еді.