Қызылордалықтар референдумда қалай дауыс береді

27.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Облыстық референдум комиссиясының мәліметінше, тұрғындар https:referendum.orda.gov.kz сайты арқылы дауыс бере алады.

«Азаматтар сайтқа кіріп, ЖСН нөмірін теру арқылы өз учаскесін оңай таба алады.
Онда учаскелік референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы жазылған. Яндекс картада учаскеге баратын жолдың сызбасы көрсетілген. Бұл азаматтар үшін өте қолжетімді әрі оңай сервис болмақ. «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасында және Telegram желісінде https://t.me/referendumKzo_bot арнайы бот жұмыс істейді. Мұнда да әрбір дауыс беруші азамат ЖСН теру арқылы қажетті ақпаратпен таныса алады», делінген хабарламада.

Саяси науқан кезінде жергілікті тұрғындар 109 нөмірлі бірыңғай байланыс қызметінің көмегіне жүгінуге құқылы. Диспетчерлер тұрғындардың сауалына жауап беріп, учаскелердің мекен-жайы туралы ақпарат береді. Дауыс беру күні Қызылорда қаласында 5 учаскеде онлайн сервис ашылады. Тізімде жоқ азаматтар сонда барып тіркелсе болады.

Еске салсақ, 15 наурызда Қызылорда облысында 378 референдум учаскесі жұмыс істейді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью