Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қызылорданың тұңғыш астана атанғанына ғасыр толды.
Қала күні мерекесінде тұрғындар осы тарихи датаны атап өтті. «Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!» атты гала-концертті тамашалады. Мерекелік кеште танымал әншілер өнер көрсетті. Сондай-ақ «Алтын күз – 2025» шарасында ауыл шаруашылығы саласының озат еңбеккерлері марапатталды. Шиелі ауданы «Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда үздік аудан» атанды. Ал «Қызылорданың астаналық кезеңі: тарих пен тағылым» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда қала тарихы кеңінен айтылды. Мерейтойлық шараларда Сыр өңірінің бай тарихы мен бүгінгі жетістіктері жан-жақты дәріптелді.
Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:
- Биыл Бурабайда өткен ұлттық құрылтайда мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы біздің мемлекеттігіміз мыңжылдықтардан бастау алады. Оның тамыры тереңде жатқаны даусыз. Бірақ осыдан бір ғасыр бұрын ұлтымыздың өз атауының орлауы тарихи әділдік орнату жолындағы маңызды қадам болғанын ашық айтуымыз керек. Мұндай маңызды оқиғалар ел жадында сақталуы тиіс деген болатын. Президентіміздің Ұлттық құрылтайдың келесі бесінші отырысын Қызылордада өткізу туралы шешімін барша Сыр бойылықтар зор қуанышпен қабылдап, ризашылықтарын білдіруде.