Қызылқоға ауданында мал өлімі тіркелді

13.11.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Көрнекі сурет

Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында ірі қара малы арасында ішінара ауру белгілері байқалған. 

Осы жылдың қазан айының аяғында екі тұрғынның 3 бас ірі қара малы ақсап, сандары ісіп кетуіне байланысты жергілікті ветеринарлардың көмегіне жүгінген. Мамандар дереу бақылауға алып, антибиотиктермен емдеп жатыр. Ал 22 қазандағы ірі қара белгісіз аурудан өлген. 

Қызылқоға аудандық ветеринариялық стансасы ШЖҚ КМК басшысы Ж.Кенжин малдың өлексесінен патологиялық материалдар алынып, облыстық ветеринариялық зертханасына жіберілгенін, малдың өлексесі өртеп жойылғанын мәлімдеді. 

Сондай-ақ ветеринар "жаппай малдың қырылуы" дегенді жоққа шығарды. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 14:20

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью